30.09.2020 в 20:42

Аймақты жастар басқаруы керек — депутаттыққа үміткер Даурен Шамиловтың өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында баяндады.

Поделиться: WhatsApp, ВКонтакте, Facebook

Даурен Шамилов «OralPetroMash» ЖШС-нің құрылтайшысы, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысады. Ол аймақтық басқармада жұмыс істейтін жастардың саны не үшін көбейту керек. Ол аймақтық басқармада не үшін көбірек жастар жұмыс жасауы керегі жайлы, Қазақстандық мектептерде не үшін кәсіпкерлік жөніндегі пәнді енгізу керегі жайлы, және де халықтың үкіметке не үшін сенімін жоғалтқаны туралы айтты.

— «Nur Otan» партиясына депутаттыққа неге сайланамын деп шештіңіз? Не үшін дәл осы партия?

— Қазіргі таңда бұл негізгі басқарушы партия. Біз жасаған бағдарламаны дәл осы партия арқылы жүзеге асыру бәрінен оңайырақ/жеңілірек болады.

— Өзіңіздің сайлауалды бағдарламаңыз жайында айтып берсеңіз.

— Алдымен мен праймеризде мұнайгаз жабдықтарын өндіретін «OralPetroMash» компаниясын көрсететінімді айтып кету керек. Ал сайлауалды бағдарламамызды алатын болсақ, ол өте қарапайым және халыққа түсінікті/қол жетімді деп ойлаймын. Біз таусылмас байлық пен әдемі өмірге уәде бермейміз. Біз денсаулық қорғау саласын ретке келтіреміз немесе жұмыссыздықтан арылтамыз деп айта алмаймыз. Бірақ аймақтың жұмысына мүмкіндігінше көбірек кәсіпкерлерді тарту біздің қолымыздан келеді.

Біздің бағдарламамыз ең алдымен біздің қызметімізбен байланысты. Ол біздің қызығушылығымыз бен біз білетін нәрселерді көрсетеді. Егер ол қолымыздан келсе, егер біз өзіміздің ісімізде белгілі бір нәтижеге жетсек, неге халықпен, біздің облыспен бөліспеске. Біз қайырымдылық, спорт, және де әрине бизнеске үйрету салаларына зор назарымызды аударғымыз келеді.

Біздің компаниямыздың ДНКсі — жақсылық жасау. Біз әлсін-әлсін балалар үйіне, ардагерлерге көмек көрсетеміз. Карантин кезінде ауруханаларға көмектестік. Сенбіліктірге шығып жүрдік, шығамыз да.

Мен мектеп бітірген Ақжайық ауданындағы футбол ойнауға арналған спорттық алаңды салуға көмектесеміз. Өткен жылы біз сол ауданда медресе мен мешіт салынуына қол ұшын тигіздік.

Осы нәрселердің барлығы менің праймеризге үміткер болуымнан бұрын жасалды. Депутат ретінде менің де және менің компаниямның да біздің облысымыздың дамуына үлес қосар мүмкіндігіміз көбейеді.

Біздің компаниямыз карантин кезінде қатты зардап шеккен жоқ. Біз жалақы мен қызметкер санын қысқартпадық. Бұның барлығы біз жүргізетін дұрыс менеджментке байланысты деп ойлаймын.

Сонымен қатар біз кәсіпорын ретінде қатаң карантиннен сәтті өтуіміз депутаттыққа барып, үйренгенімізді сол жерде қолдануға мүмкіндік береді.

— Сіздің ойыңызша қазіргі үкіметке не жетіспейді? Халықтың «Nur Otan» партиясына сенбеуінің себебі неде?

— Менің ойымша, дұрыс байланыс жоқ. Халық пен үкімет арасында кедергі бар. Халықпен сөйлесу керек және тыңдау керек. Осы мәселені шешу керек.

Мен праймеризге қатысуға шешім қабылдаған кезде, көбі өзін үміткер ретінде қалай тіркеу керек екендігін білмейтіндігін және «Nur Otan» партиясы немен айналысатындығын білмейтінін түсіндім.

— Сіздің сайлауалды бағдарламаңызда сіз жастарды аймақты басқару процессіне тартасыз деп жазылған. Ол не үшін керек және сіз бұл жоспарды қалай жүзеге асырмақшысыңыз?

— Қ.Ж. Тоқаевтің жолдауларындағы міндеттерді шешуге ЖАСТАРДЫҢ қабілеттілігі көптеу деп ойлаймын. Тәжірибе мен құлшыныс қажет. Біз тәжірибемізбен бөліссек, құлшыныс жастардан.

Қазіргі таңда бизнестің әр саласы автоматтандыруға көшуде. Әсіресе IT-технологиялары жоғары сұранысқа ие.Бұл ретте жас ұрпақ алға ұмтылуда.Жаңа бағыт бастаудағы тәжірибе мен танымның арқасында елімізге қажет жетістіктерге қол жеткізу жеңіл болады. Сондықтан, менің ойымша, аймақ басшылығы ішінде жастардың көп болғаны дұрыс.

Әрине, үкіметімізді тек 25-30 жастағылар басқарсын дегеннен аулақпын. Дегенмен, үкімет құрамында жаңа заманмен бірге дамуға дайын жандар қалғаны дұрыс. Ал өткеннің елесімен өмір сүретіндер орындарын босатқандары жөн.

-Жастар деп, сіздің пікіріңізше, қай жас аралығындағыларды айтуға болады?

-Менің ойымша, 25-40 жас.

-Сіздің сайлауалды бағдарламаңызда жастарға үлкен көңіл бөлінді. Осы ретте білім беру мәселесі бойынша не айта аласыз?

— Менің үш балам бар. Сондықтан, білім берудегі әдістердің ескіргенін, жаңа заман талабына сай келмейтінін анық білемін. Мен кезіндегі өзім алған білім мен қазіргі балаларым алып жатқан білім арасынан атап айтарлықтай айырмашылық көрмедім. Бұл мәселе мені ойландырмай қоймайды. Жастарға бизнес экосистеманы білім беру аясында қалыптастыру біздің сайлауалды бағдарламамыздың маңызды бөлігі. Мен мектептерде кәсіпкерлік сабағын енгізуге үлес қоссам деймін. Өйткені кәсіпкерлік терең ойлауға, мүмкіндіктерді көре білуге, тәуекелге бел байлай білуге үйретеді. Сонымен қатар бұндай дәрістер әр баланы қазіргі таңда ең қажет білімнің бірі болып табылатын қаржылық сауаттылыққа дағдыландырары анық.

Сонымен қатар біз Оралда кәсіпкерлер клубын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол клубта аймағымыздың кәсіпкерлері бір-бірімен тәжірибе алмасып, жастарға стартап жобаларды бастауға көмектесер еді.